Қазақстан СІМ-де USAID-пен өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды

1620

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров USAID Әкімшісінің орынбасары Изобель Коулманмен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен USAID арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын, басым бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Өз тарапынан И. Коулман ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларын жүзеге асыруға жәрдемдесетін жобаларына қолдау көрсетуге дайындығын білдірді. Сұхбаттасушы америкалық тараптың Арал теңізін қалпына келтіруге, су ресурстарын тиімді басқаруға, сондай-ақ климаттың өзгеруіне қарсы күреске қолғабыс көрсетуді жалғастыруға ниетін растады.

Сонымен қатар, тараптар KazAID пен USAID арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға келісті.

Анықтама: 1992 жылдан бастап USAID Қазақстанда көптеген жобаларды жүзеге асырып, олар экономиканы әртараптандыру, энергетика, экология, денсаулық сақтау, заң үстемдігі секілді бағыттардың кең ауқымын қамтиды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -