Қазақстан мен Грузия экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

1768

Қазақстан Республикасының Елшісі Мәлік Мырзалин Грузияның Вице-премьері, Экономика және орнықты даму министрі, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грузия үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) тең төрағасы Леван Давитиашвилимен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу шеңберінде тараптар екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды дамыту, ҮАК отырыстары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарды, сондай-ақ Қазақстан мен Грузия арасындағы 2023-2026 жылдарға арналған өзара тауар айналымының номенклатурасын кеңейту жөніндегі жол картасын іске асыру бойынша пікір алмасты.

Қазақстан Елшісі грузин тарапын 2023 жылғы 8-9 маусымда өтетін Астана халықаралық форумының жұмысына қатысуға шақырды, сондай-ақ министрді елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен таныстырды.

Көлік-логистикалық саласындағы өзара іс-қимылға, Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк тасымалдарын жандандыруға ерекше назар аударылды. Осыған байланысты, грузин тарапының осы маршруттың дамуына байланысты әртүрлі келіссөздер форматтарындағы барлық іс-шарларға етене қатысуының маңыздылығы атап өтілді.

Тараптар 2022 жылдың қорытындысы бойынша жарты миллиард АҚШ доллардан асқан Қазақстан мен Грузия арасындағы тауар айналымының жеті есе өскенін оң атап өтті.

Сонымен қатар туризм екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі болып табылатыны жөнінде айтылды. Қазақстан Грузиядағы туристер саны бойынша топ жеті елдің қатарына кіреді. Өткен жылы осы елге 120 мыңнан астам қазақстандықтар келіп кетті. Екі ел арасындағы туристік ағынының серпінді өсуіне Қазақстанның бес қаласынан Грузияның үш ірі қаласына 34 тікелей апта сайынғы әуе қатынастар ықпал етіп отыр.

Тараптар барлық өзара тиімді салалардағы екіжақты байланыстарды одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге мүдделілік білдірді, алдағы уақытта Астанада өтетін ҮАК-тің кезекті отырысы барысында өзекті мәселелерді талқылауға келісті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -