Қазақстанның Тұрақты өкілі ЮНЕСКО Бас директорына сенім грамоталарын тапсырды

2274

Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі мамандандырылған мекемесінің (ЮНЕСКО) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Гүлсара Арыстанқұлова ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулеге сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында Бас директор Ұйымның мандатына кіретін барлық мәселелер бойынша Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастықтың деңгейін жоғары бағалап, еліміздің мәдениетаралық диалогты ілгерілетудегі бастамашы ретіндегі рөлін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, О. Азуле Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан елдегі саяси және экономикалық реформаларына қолдау білдірді.

Өз кезегінде, Г. Арыстанқұлова Қазақстанның ЮНЕСКО-мен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға берік екендігіне сендіре отырып, Бас директорды Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. Осы орайда, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың 2023 жылғы 8-9 маусымда өтетін Астана халықаралық форумының жұмысына шақыру хатын табыстады.

Сонымен қатар, О. Азуле 2021 жылғы тамызда Ауғанстаннан кетуге мәжбүр болған Ұйымның Алматыдағы Кабул кеңсесінің қызметкерлеріне көрсеткен көмегі мен орналастырғаны үшін Қазақстан басшылығына алғысын білдірді. Осы ретте, тараптар Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының одан әрі жемісті қызметіне өзара қызығушылық танытты.

Кездесу соңында сұхбаттастар Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы практикалық ынтымақтастықты жаңа бірлескен жобаларды іске асыру арқылы одан әрі кеңейтуге бейілділігін растады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -