Қазақстан мен Иран арасында кезекті консулдық консультациялар өтті

2767

Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы сыртқы саяси ведомстволарының арасындағы консулдық мәселелер бойынша консультациялардың 10-шы отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев, Иран делегациясын Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қатынастар жөніндегі бас директоры Алиреза Махмуди басқарды.

Іс-шара барысында тараптар консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, екі ел аумақтарындағы азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және екіжақты өзара визалық режимді одан ары жеңілдету жолдары туралы мәселелер қарастырылды.

Консультациялар ашық, конструктивті және достық атмосферада өтті. Оның қорытындысы бойынша тиісті Хаттамаға қол қойылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -