Қазақ киіз үйі Тель-Авивте өткен танымал халықаралық туристік көрмесін безендірді

2822

Қазақстанның Израильдегі Елшілігі танымал 29-шы Халықаралық Жерорта теңізі туристік көрмесінде (International Mediterranean Tourism Market 2023) киіз үй тікті, передает DKNews.kz.

Көрмеге келушілер қазақ халқының салт – дәстүрлерімен танысып, киіз үй элементтерінің қасиетті мағынасы туралы біліп, қазақ дастарханының інжу-маржаны - бауырсақ, қазы мен құртың дәмін татты, сондай-ақ ұлттық киімдер мен әшекейлерді киіп көрді.

Көрме қонақтары домбыра әуендерін тамсана тыңдады, ал Қазақстан туралы бейнероликтер қатысушыларға еліміз табиғатының сұлулығы мен мәдениетіміздің өзіндік ерекшелігін сезінуге мүмкіндік берді.

Көптеген израильдік туристер Тель-Авив – Алматы бағыты бойынша «Air Astana» авиакомпаниясымен жоспарлаған тікелей рейстерінің ашылуын асыға күтеді, оның өкілдері де көрмеге қатысты.

International Mediterranean Tourism Market - Шығыс Жерорта теңізі аймағындағы туризм саласындағы ең ірі көрме болып табылады және Израильдің Туризм министрлігі, Қонақ үйлер қауымдастығы, Туристік агенттіктер қауымдастығы және Израиль туроператорлар қауымдастығының кең қолдауымен өтеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -