Болгария СІМ-де Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

2441

Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Болгария Сыртқы істер министрі Николай Милковпен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сұхбат барысында дипломаттар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша «сағат теңістіріп», оның одан әрі даму перспективалары туралы терең пікір алмасты.

Атап айтқанда, қазақстандық Елші саяси диалог пен сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру және Транскаспий халықаралық көлік бағыты немесе Орта дәліз арқылы транзиттік әлеуетті дамыту бойынша бірлескен күш-жігерге ерекше назар аударды. Тараптар инвестициялар,  IT-технологиялар, ауыл шаруашылығы, туризм және білім беру салаларында өзара іс-қимылдың кең перспективаларының бар екенін атап өтті.

Сонымен қатар, В. Темірбаев еліміздегі жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен, сондай-ақ еліміздің саяси жүйесін ауқымды трансформациялау аясындағы негізгі шаралармен таныстырды. 

Өз кезегінде, Министр Қазақстан Болгарияның Орталық Азиядағы негізгі серіктесі ретінде қарастырылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, болгар сыртқы саяси ведомствосының екіжақты күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тығыз ынтымақтастыққа дайындығын растады.

Сұхбаттасушылар болашақта, оның ішінде 2023 жылғы көктемде Астана қаласында өтетін Қазақстан-Болгария саяси консультациялар мәселелері бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -