Қазақстан Елшісі Норвегия Короліне сенім грамотасын тапсырды

3888
Фотосурет: Terje Pedersen / NTB

Қазақстанның Елшісі Әділ Тұрсынов Ослодағы Король сарайында Норвегия Королі Харальд V-ге сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Салтанатты рәсімнен кейінгі ресми қабылдау кезінде Норвегия Королі Қазақстанның заманауи дамуына қызығушылық танытып, Осло мен Астана арасындағы достық қарым-қатынастардың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде қазақстандық дипломат Норвегия Королін елімізді жан-жақты дамыту мақсатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ауқымды реформалардың жүзеге асырылып жатқаны туралы хабардар етті.

Сұхбаттасушылар өңірлік және жаһандық саясат мәселелерін де талқылады, сондай-ақ қазақстандық және норвегиялық спортшылардың халықаралық аренадағы бірқатар жоғары жетістіктеріне тоқталды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -