Қазақстан Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерінің БҰҰ-ның Апаттардың қаупін азайту жөніндегі басқармасымен ынтымақтастығын ілгерілетуде

4741

Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінде Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ елдері тұрақты өкілдерінің БҰҰ Бас хатшысының апаттардың қаупін азайту жөніндегі арнайы өкілі, БҰҰ Апаттардың қаупін азайту жөніндегі басқармасының (ЗҚАБ) басшысы Мами Мидзуторимен кездесуі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараның ашылуында Қазақстан Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев өз әріптестерінің ЗҚАБ-тың өңірлердегі қызметімен танысуға деген зор қызығушылығын жеткізді. Өз кезегінде, М. Мидзутори басқарманың Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказдағы қызметі, осы өңірлерде жүзеге асырылып жатқан және перспективалы ынтымақтастық жобалары, сондай-ақ 2015-2030 жылдарға арналған апаттардың қаупін азайту жөніндегі Сендай негіздемелік бағдарламасын іске асыру барысы туралы айтып берді.

Бағдарламаның маңыздылығын атай келе ЗҚАБ басшысы тұрақты өкілдерді 2023 жылғы 18-19 мамырда Нью-Йорк қаласында өтетін Сендай негіздемелік бағдарламасын іске асырудың аралық шолуына арналған Бас Ассамблея отырысына қатысудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге қолғабыс көрсетуге шақырды.

Интерактивті диалог барысында Армения, Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстанның тұрақты өкілдері өз елдерінің осы бағыттағы басымдықтары туралы жан-жақты баяндап берді. М. Мидзутори өңір елдерінің ЗҚАБ-пен ағымдағы өзара іс-қимыл және оның даму перспективаларына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Кездесу соңында алдағы уақытта да Женева алаңындағы жақын ықпалдасуды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жетті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -