Алматының кедені Моңғол империясы кезіндегі көне монеталарды ұстады

5356

2023 жылғы 22 қаңтарда Кедендік бақылау барысында Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Жетісу" кеден бекетінің (бұдан әрі-Департамент) лауазымды адамдары Алматы қаласының әуежайындағы халықаралық почта жөнелтілімдерін бақылау учаскесінде Қазақстаннан Америка Құрама Штаттарына көне монеталарды заңсыз әкетуге жол бермеді.

Құжаттарға арналған қаптама қапшығының қабырғаларында монеталарды жасыру фактісін кеден қызметкерлері қондырғының рентгенографиясын пайдалана отырып, сканерлеу барысында анықтады.

Ұсталған монеталар V-XIII ғасырлар аралығында Орта Азия аумағында монета әдісімен жасалған және тарихи құндылыққа ие.

Департамент басшысының орынбасары Дәурен Мұстафиннің айтуынша, табылған заттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес елден әкету міндетті декларациялауға жататын және уәкілетті органның рұқсаты болған жағдайда ғана мүмкін болатын мәдени және тарихи құндылықтар санатына жатады.

Қазіргі уақытта анықталған факт бойынша алынған заттар мен материалдар сарапшыларға берілді, олар қорытындыдан кейін монеталарды әкетуге әрекет жасаған адамға қатысты тиісті процестік шешім қабылдайтын болады.

Айта кету керек, соңғы уақытта тыйым салынған тауарларды контрабандалық жолмен әкелу үшін пошта жөнелтілімдерінің арнасы көбірек қолданылуда.

Тек 2022 жылы Алматы қаласының әуежайында айналымға тыйым салынған тауарларды, оның ішінде есірткі және психотроптық заттарды, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді кедендік шекара арқылы өткізудің ондаған жағдайлары тоқтатылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -