Дүниежүзілік Ислам Лигасының Бас хатшысының арнайы өкілі кездесу өтті

5003

Бүгін ҚР АҚДМ Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту орталығында Дүниежүзілік Ислам Лигасының (ДИЛ) Бас хатшысының арнайы өкілі Абдель Азиз бен Ахмад Сарханмен кездесу өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесуге ҚР АҚДМ Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Б.Бакиров, Орталықтың Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев, ДИЛ Бас Хатшылығы Арнайы өкілі кеңсесінің директоры Фейсал Гази Әл-Хазми, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аппарат басшысы Ғ.Мажиев қатысты.

Қазақстан тарапы Абдель Азиз бен Ахмад Сарханға Орталықтың бейбіт диалог пен келісімді ілгерілетудегі бастамаларына көрсетіп отырған қолдауы үшін ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде А.Сархан Қазақстан тарапына жылы қабылдауы үшін алғыс айтып, Орталықтың өркениетаралық және дінаралық диалогты ілгерілетудегі маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара қатысушылары Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі идеяларын және оның әлемдік және дәстүрлі діндердің рухани көшбасшылары, саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың басшылары қол қойған қорытынды құжаты – Декларацияны ілгерілетудің ерекше маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, тараптар конфессияаралық және мәдениетаралық диалог саласындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы уағдаласты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -