Қазақстан делегациясы Африка одағының саммитіне қатысты

4236

Қазақстанның Эфиопиядағы Елшісі, ҚР Африка одағы жанындағы Тұрақты Өкілі Барлыбай Садықов 2023 жылғы 18-19 ақпанда Эфиопия астанасында өткен Африка одағына мүше мемлекеттер басшыларының жыл сайынғы 36-шы саммитіне қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

АО саммитіне 40-тан астам мемлекет және үкімет басшылары, АО мүше елдердің 8 сыртқы істер министрі, БҰҰ, Араб лигасының, Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының, Халықаралық көші-қон ұйымы секілді халықаралық ұйымдарының басшылары, Еуропалық Кеңестің президенті Ш.Мишель, Палестина Премьер-министрі М.Штайе, Португалия Премьер-министрі А.Коста және тағы басқа АО жанындағы бақылаушы елдердің жоғары лауазымды өкілдері қатысып өтті.

АО саммиті барысында: қақтығыстар, терроризм, конституциялық емес мемлекеттік төңкерістер нәтижесінде қауіпсіздікке төнетін қатерлер, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің реформалары, АО-ның COVID-19 пандемиясына ден қою шаралары, Африка континенттік еркін сауда аймағын (AfCFTA) құру туралы келісімді іске асыру, климаттың өзгеруі және т.б. мәселелер талқыланды.

АО саммитінің қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі бірқатар құжаттар қабылданды.

АО төрағалығы Сенегал Республикасынан Комор аралдары Одағына өтті. 2023 жыл Африкада «Африка құрлықтық еркін сауда аймағының іске қосылуын жеделдету жылы» - деп жарияланды.

Саммит шеңберінде БҰҰ Африкаға БҰҰ төтенше жағдай қорынан 250 млн. АҚШ долларын бөлетінін мәлімдеді. Дүниежүзілік банк 2023 жылы африкалық елдерінің тұрақты дамуына 50 млрд. АҚШ долларын бөлетінін жариялады.

Бұдан басқа, 2023 жылғы 15-16 ақпанда Қазақстанның Тұрақты өкілі Африка елдерінің Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен Африка одағы Атқарушы кеңесінің 42-ші сессиясына, сондай-ақ саммит алаңдарында ұйымдастырылған бірқатар іс-шараларға қатысты, АО мүше мемлекеттерінің делегациялары өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді.

Қазақстан 2013 жылдан бастап АО-да бақылаушы ел болып табылады.

36-шы Саммит мерейтойлық болды. 2023 жылы Африка Бірлігі Ұйымының құрылғанына 60 жыл толады (2002 жылы АО-ға айналды).

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -