ҚР Оқу-ағарту министрі халықаралық сарапшы Джонатан Слейтермен кездесті

5023

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев халықаралық сарапшы Джонатан Слейтермен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесуде білім беру сапасын арттыру, жаңа халықаралық стандарттарға сай білім беру ұйымдарында ақпараттық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.

Джонатан Слейтер – белгілі халықаралық сарапшы, Кембридж университетінің Ғылым және саясат орталығы консультативтік кеңесінің Мемлекеттік басқару институты директорлар кеңесінің мүшесі. Лондон ханшайымы Мэри университеті, Кингс колледжі саяси Институтының профессоры. Білім беру мектептері қорының қамқоршысы, Ұлыбританияның Білімді дамыту федерациясының стратегиялық кеңесшісі.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қоғамдық кеңес мүшелері, мұғалімдер, оқулықтарды әзірлеушілермен, білім басқармаларының басшылары және Қазақстандық салалық кәсіподақ өкілдері, активтерімен кездескен болатын. Мұндай тұрақты кездесулер педагогикалық және ата-аналар қауымдастығымен де жалғасатын болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -