Румыния СІМ-де қазақстандық-румын ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды

5501

Қазақстан Елшісі Нұрбах Рүстемов Румыния Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Юлиан Фотамен кездесу өткізіп, оның барысында қазақстандық-румын ынтымақтастығының жай-күйі мен болашағын талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар елдеріміз арасындағы өзара іс-қимылдың қазіргі деңгейіне оң баға беріп, оның екіжақты және көпжақты форматтағы сындарлы сипатына қанағаттанатындықтарын білдірді. Мемлекеттік хатшы Астана мен Бухарест арасындағы саяси диалогтың үдемелі дамуын, сауда-экономикалық саладағы оң үрдістерді және соңғы жылдары қалыптасқан қарқынды мәдени-гуманитарлық алмасуды жоғары бағалады.

Қазақстандық дипломат әртүрлі салалардағы, соның ішінде көлік-транзит, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, білім және ақпараттық технологиялар салаларындағы екіжақты әріптестіктің әлеуетін ашудың маңыздылығын атап өтті.

Осыған байланысты тараптар серіктестікті тереңдетуге және екіжақты қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша белсенді өзара іс-қимыл жасауға өзара дайын екендігін білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -