Қазақстан мен БҰҰ Даму бағдарламасы «сағаттарды теңестірді»

6819

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының жаңадан тағайындалған Тұрақты өкілі Катаржина Вавьернианы қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Қ. Омаров сұхбаттасушыны осындай маңызды лауазымға тағайындалуымен құттықтап, «ҚР мен БҰҰДБ арасындағы 2021-2025 жылдарға арналған әріптестіктің негіздемелік бағдарламасына» сәйкес жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға үміт білдірді. «Біздің еліміз 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарына және Париж келісімінің қағидаттарына берік болып келеді» Қайрат Омаров
Келіссөздер барысында тараптар адами капиталды дамыту, әлеуметтік-экономикалық даму, климаттың өзгеруі және ҚР-дағы білім беру саласындағы БҰҰДБ жобалық қызметін қоса алғанда, ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. «Қазақстан БҰҰ-ның мультилатерализм қағидатына жан-жақты қолдау көрсететін сенімді серіктесі болып табылады» Катаржина Вавьерниа

К. Вавьерниа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған одан әрі демократияландыруға, құқық үстемдігін нығайтуға және адам құқықтарын қорғауға, инклюзивті экономикалық өсуге бағытталған кешенді реформалар туралы жоғары пікір білдіріп, БҰҰДБ мандатына сәйкес қойылған міндеттерді іске асыруға өз үлесін қосуға дайын екенін растады.

Бірінші кездесу аясында БҰҰ Даму бағдарламасының Әкімшісі Ахим Штайнердің ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің атына жолданған сенім хатының тапсыру рәсімі өтті.

БҰҰ Даму бағдарламасы 1965 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының № 2029 (ХХ) қарарына сәйкес, БҰҰ арнайы қорының бірлестігі және кеңейтілген Техникалық көмек бағдарламасы негізінде құрылды. Штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан.

БҰҰДБ дамушы елдерге көпжақты техникалық және сараптамалық көмек көрсетудің негізгі арнасы болып табылады. Көмек кеңесшілерді жіберу, жабдықты жеткізу және т.б. түрінде жүзеге асырылады.

БҰҰДБ – 2015 жылдың қыркүйегінде Нью-Йоркте қабылданған 2030 жылға дейінгі Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізуге жауапты БҰҰ бас агенттігі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -