Малайзияның Қазақстандағы Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті

6383

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш жаңадан тағайындалған Малайзияның Қазақстандағы Елшісі Мохд Адли Бин Абдулладан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Қ. Тумыш Елшіні қызметке тағайындалуымен құттықтап, оның алдағы қызметі екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Сұхбат барысында дипломаттар өзара қызығушылық тудыратын барлық салалардағы Қазақстан мен Малайзия арасындағы ынтымақтастығының, сондай-ақ көпжақты платформалар, оның ішінде БҰҰ, АӨСШК, ИЫҰ және т.б. ұйымдар аясындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен келешегін талқылады.

Малайзия Елшісі екіжақты ынтымақтастықты жандандыру үшін күш салу ниетін білдірді.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Малайзия арасындағы әріптестікті одан әрі нығайту үшін тығыз байланыстарды жалғастыруға келісті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -