Қазақстандық делегация қоршаған орта және су ресурстары саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Еуроодақ - Орта Азия жоғары деңгейдегі 7-ші конференцияға қатысты

6613

Ағымдағы жылдың 23-24 ақпанында Рим қаласында (Италия) ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н.Шарбиев бастаған қазақстандық делегация қоршаған орта және су ресурстары саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Еуроодақ - Орта Азия (ЕО-ОА) платформасы шеңберінде ЕО-ОА жоғары деңгейдегі 7-ші конференцияға (конференция) қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz. 

Конференцияның ашылуында Эдмондо Чириелли мырза - Парламент мүшесі, Италияның Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық Министрінің орынбасары, Терхи Хакала ханым - Орталық Азия бойынша Еуропалық одақтың арнайы өкілі, Ваня Гава ханым - Парламент мүшесі, Италияның қоршаған орта және энергетикалық қауіпсіздік министрінің орынбасары және Азиз Абдухакимов мырза – Өзбекстан Республикасының Табиғи ресурстар министрі құттықтау сөз сөйледі.

Ашылу барысында сөз сөйлеушілер ОА мен ЕО елдері арасындағы халықаралық және өңірлік ынтымақтастықты – климаттың өзгеруі, су ресурстары мен биоәртүрлілікті сақтау, бүкіл өңірдің тұрақты дамуы мүддесінде жердің шөлейттенуі мен тозуына қарсы күрес сияқты жаһандық сын-қатерлерді шешу үшін маңызды элемент екенін атап өтті.

ЕО стратегиясы ОА елдерімен қоршаған орта, су ресурстары және климаттың өзгеруі бойынша ынтымақтастыққа қатысты өзгеріссіз қалады. ЕО өкілдері ОА-ны жасыл ауысуда және Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізуде қолдауға дайын екендіктерін атап өтті.

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Н. Шарбиев Конференцияның бірінші сессиясында баяндама жасап, Қазақстанның негізгі жетістіктері мен басымдықтарын, сондай-ақ жасыл өсу жолындағы жоспарлар мен мақсаттарды атап өтті. Елдің экономиканы декарбонизациялау, су ресурстарына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, Қызыл кітап және сирек кездесетін жануарлар түрлерін сақтау, осал секторларды климаттың өзгеруінің әсеріне бейімдеу және басқа да маңызды экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі мақсатқа қол жеткізуге ұмтылуы басты басымдық болып табылады.

Конференция барысында Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Терхи Хакала ханыммен, Жасыл дипломатия директоры Астрид Шомакер ханыммен, Еурокомиссияның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас директоратымен және БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Марко Канермен бірқатар кездесулер өтті.

Кездесулер барысында басымды бағыттар бойынша ЕО ынтымақтастық атап өтілді:

  • су мәселелері бойынша трансшекаралық ынтымақтастық;
  • шөлейттенуге қарсы күрес;
  • биоәртүрлілік пен ландшафттарды сақтау;
  • экономиканы декарбонизациялау;
  • теріс антропогендік әсерден ластануды азайту үшін ең жақсы қолжетімді әдістерді енгізу.

Кездесулер шеңберінде вице-министр сондай-ақ Қазақстан тарапы болып табылатын халықаралық конвенциялардың іске асырылуы туралы хабардар етті. 

Конференция шеңберінде қоршаған ортаны қорғау, су ресурстары және климаттың өзгеруі саласындағы барлық талқыланған өзекті мәселелерді шешуге жәрдемдесу үшін ОА және ЕО елдерінің ынтымақтастығын тереңдетуге бағытталған қорытынды құжат қабылданды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -