Қазақстан СІМ-де Иранмен ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды

72787

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Иран Ислам Республикасының Елшісі Маджид Самадзадэ Сабермен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың практикалық аспектілерін талқылап, екі мемлекеттің өзара тиімді ынтымақтастығын нығайту үшін ү.ж. 25 қаңтарда өткен Қазақстан мен Иран арасындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 18-ші отырысының қорытындыларын жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмысты атқаруға уағдаласты.

Сонымен қатар сұхбаттастар Қазақстан мен Иран арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнағаннан бер екіжақты және көпжақты форматтарда, ең алдымен БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК, ШЫҰ және ЭЫҰ шеңберіндегі өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға дайындығын мәлімдеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -