Қырғызстан СІМ басшысымен кездесу туралы

7434

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен «С5+1» форматындағы Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы саяси ведомстволары басшыларының министрлік кездесуі шеңберінде келіссөздер өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар дәстүрлі достық және сындарлы сипатта екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, бауырлас елдер арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейілділігін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 26 мамырдағы Қырғыз Республикасына ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруда оң динамика қанағаттанушылықпен атап өтілді.

Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды. Халықаралық аренада өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға қызығушылық білдірілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -