Қазақстан мен Швейцария парламентаралық байланыстарды одан әрі дамытуға мүдделі

7232

Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Қайрат Саржанов құрамына Конфедерация Федералдық Ассамблеясының екі палатасының да беделді мүшелері кіретін «Швейцария-Қазақстан» парламентаралық достық тобының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында Қ. Саржанов Швейцария депутаттарын Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен егжей-тегжейлі таныстырды. Ол 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған парламенттік сайлау өкілді билікті жасақтаудың жаңа, әділ әрі ашық бәсекеге жол ашатын қағида бойынша өтетінін атап өтті. Алдағы сайлау Қазақстанның мемлекеттік институттарын қайта іске қосудың соңғы кезеңі болады және «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын нақты мазмұнмен толтырады.

Швейцариялық депутаттар Қазақстандағы демократияны дамыту бағытындағы саяси прогресті жоғары бағалады және реформалардың ауқымына таңданысын білдірді.

Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасқаннан кейін тараптар Қазақстан-Швейцария ынтымақтастығын, оның ішінде парламентаралық өзара іс-қимылды дамыту мәселелеріне үлкен көңіл бөлді. Осы тұрғыда кездесуге қатысушылар екіжақты байланыстарды тереңдетуге серпін беретін өзара сапарлардың маңыздылығын атап өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -