Қазақстан Қарусыздану жөніндегі конференцияның Жоғарғы деңгейдегі сегментіне қатысты

8008

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қарусыздану жөніндегі конференцияның Жоғарғы деңгейдегі сегментінде сөз сөйледі. Іс-шараны БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Қарусыздану мәселелері жөніндегі Жоғарғы өкіл Изуми Накамицу ашып, конференцияға мүше мемлекеттердің 50-ден астам өкілдері мәлімдемелер жасады, деп хабарлайды DKNews.kz.

М. Тілеуберді соңғы жылы әлем қауіпсіз бола бастағанын атап өтті. Украинадағы қақтығыс, орасан зор ядролық арсеналдар, шиеленіскен ядролық риторика және диалогтың болмауы әлемді қауіпті бағытқа жетелейді.

Қазақстан ядролық қарусызданудың сенімді жақтаушысы ретінде жаңа Стратегиялық шабуыл қару-жарақтарын қысқарту шарты туралы мәселені 2026 жылдан кейін талқылауды қажет деп санайды. Сонымен қатар, ядролық бес державаның 2022 жылғы қаңтарда қабылдаған ядролық соғысқа жол бермеу туралы бірлескен мәлімдемеге берік бейілдігін көрсетуі маңызды.

Министр Қазақстан Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты (ЯҚТСШ) дәйекті түрде қолдайтынын және ЯҚТСШ-ға қатысушы мемлекеттердің үшінші конференциясына төрағалық ететінін атап өтті.

Қатысушылардың назары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы бастамасына аударылды. Бұл Агенттік Биологиялық және уытты қаруларға тыйым салу туралы конвенцияның атқарушы органы ретінде әрекет етіп, дамушы елдердің қажеттіліктеріне ерекше назар аудара алады.

Анықтама: Қарусыздану жөніндегі конференция қарусыздану және қару-жарақты бақылау мәселелері бойынша келіссөздер жүргізу үшін тұрақты жұмыс істейтін жалғыз көпжақты форум болып табылады. Қарусыздану жөніндегі конференция шеңберінде Ядролық қаруды таратпау туралы шарт, Биологиялық қаруға тыйым салу туралы конвенция, Химиялық қаруға тыйым салу туралы конвенция және Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт сияқты маңызды құжаттар әзірленді.

Қарусыздану жөніндегі конференцияның құрамына 65 мемлекет кіреді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -