Қазақстан СІМ-де Түркі академиясымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

9884

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Түркі академиясының президенті Шахин Мұстафаевпен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында Қ. Тумыш Қазақстанның көпжақты түркі интеграциясын дамытуға маңызды мән беретінін және осы тұрғыда түркі әлемін зерттеу жөніндегі ғылыми орталық болып табылатын Түркі академиясы ерекше орын алатын атап өтті.

Өз кезегінде Ш. Мұстафаев академияның басшысы лауазымына тағайындалғаннан бері атқарылған жұмысы жайлы, ағымдағы жылға арналған жоспарлар, оның ішінде Қожа Ахмет Яссауидің 930 жылдығы, Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы, Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы сияқты т.б. маңызды мерейтойлық күндерді мерекелеу туралы баяндады.

Тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, академияның жобалық қызметіне, ү.ж. күзінде Түркістанда өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы мерейтойлық саммитіне дайындық мәселесіне, академияның Түркі әлемі университеттері одағымен жұмыс істеу жоспарларына, басқа халықаралық ұйымдармен, соның ішінде ЮНЕСКО-мен және т.б. ұйымдармен өзара іс-қимылына ерекше назар аударды.

Кездесу соңында тараптар Түркі академиясының мүшелік құрамын кеңейтудің, оған басқа да түркі мемлекеттерінің қосылу маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ тұрақты негізде тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендігін растады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -