БҰҰ-ның еуропалық офисінде «Әлем бейнесі» атты қазақстандық бірегей арт-жоба ұсынылды

10492

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 52-ші сессиясы Жоғары деңгейдегі сегментінің аясында Ұлттар сарайында «Әлем бейнесі» халықаралық әлеуметтік арт-жобасы көрмесінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігі ұйымдастырған іс-шараға халықаралық ұйымдардың жоғары өкілдері мен әлем елдерінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары, сондай-ақ ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері және Женева қонақтары қатысты.

Бейбітшілік, өзара түсіністік және әлеуметтік үйлесімділікті ілгерілету жолындағы бітімгершілік миссиясының арқасында «Әлем бейнесі» оны жасауға қатысқан 2000-нан астам адамды біріктіре алды.

Ашылу рәсіміне жоба авторлары - Қазақстанда танымал азаматтық белсенділер мен продюсерлер Дәуіт Шайхисламов пен Дана Орманбаева қатысты.

Іс-шарада құрметті қонақ ретінде Женевадағы БҰҰ кітапханасының директоры Франческо Пизано сөз сөйлеп, суретке бояу түріндегі үлесін қосты. Ол жобаның БҰҰ Жарғысындағы кемсітушіліксіз өмір сүру үшін планетамыздың адамдары арасындағы өзара құрмет сияқты қағидалардың көрінісі екенін атап өтті.

 Қазақстанның Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев өз сөзінде атап өткендей, арт-жоба әлемнің барлық тұрғындары, түсіне, дініне немесе тұрғылықты жеріне қарамастан, үйлесімді, келісімді және бейбіт өмір сүруді армандайтынын айқын дәлелдейді. Е. Әлімбаев Қазақстанның БҰҰ-ға қосылуының мерейтойы қарсаңында басты жаһандық құқық қорғау алаңы аясында БҰҰ құндылықтарымен үндес «Әлем бейнесі» көрмесін өткізудің ерекше символдық мәні бар екенін атап өтті.

«Әлем бейнесі» жобасы 2021 жылғы 28 қазанда Дубайдағы «EXPO 2020» дүниежүзілік көрмесінде басталды, 2022 жылғы ақпанда  қылқаламды пайдаланып, бір біріне тапсыру арқылы жасалған арт-жоба Гиннесс рекордтар кітабына енді. Әлеуметтік арт-жобаға қарапайым адамдар да, мәдени қайраткерлер, саясаткерлер мен әлемдік спорт жұлдыздарды қоса алғанда белгілі тұлғалар да қатысты. БҰҰ-ның Женевадағы еуропалық кеңсесінде «Әлем бейнесі» көрмесі 2023 ж. 27 ақпан - 2 наурыз аралығында өтеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -