Қазақстан мен Қытай жоғары білікті техникалық мамандарды бірлесіп дайындайтын болады

9631

Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің жәрдемдесуімен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Тяньцзинь кәсіби университеты арасындағы Қазақстанда «Лу Бань шеберханасын» құру мәселесі бойынша ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар озық Қытай технологиялары мен жабдықтарын пайдалана отырып, машина жасау саласындағы техникалық мамандарды бірлесіп даярлау жөніндегі бағдарламаны іс жүзінде іске асыруға уағдаласты. Келешекте «электрокөліктер», «ЗD-басып шығару», «өндірісті автоматтандыру» және т.б. сияқты салаларда ынтымақтастық бағыттарын кеңейту көзделген.

«Лу Бань шеберханасы» жобасын іске асыру Қазақстанның кәсіби техникалық кадрларын қажеттілігін толықтыруға ықпал етеді.

Бұл жоба 2022 ж. Қазақстан мен Қытай басшыларының уағдаластықтары шеңберінде іске асырылуда.

«Лу Бань шеберханасы» - Қытайдың кәсіптік білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық жобасы. 2,5 мың жыл бұрын өмір сүрген Қытайдың әйгілі шебері және өнертапқышы Лу Бань есімімен аталады. Жобаның мақсаты кәсіптік-техникалық білім беру орталықтарын бірлесіп құру жолымен шетелдік техникалық оқу орындарына білікті кадрлар даярлауға жәрдемдесу болып табылады. Бүгінгі таңда әлемнің 21 елінде 26 «Лу Бань шеберханасы» жұмыс істейді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -