Қазақстан мен Эфиопия жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға дайын

9911

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Эфиопия Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Демеке Меконненмен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу Қосылмау қозғалысының COVID-19-ға қарсы күрес бойынша Байланыс тобының саммиті шеңберінде үйымдастырылды.

Өтіп жатқан саммиттің күн тәртібіндегі пандемияға жауап және постковидтік кезеңдегі кооперация мәселесі талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі болды. Эфиопиялық тарап бұл тұрғыда, ең алдымен, Африка құрлығы үшін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру жөніндегі бастамасының өзектілігін атап өтті.

Сонымен қатар, тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Өзара сауданы дамыту, екіжақты іс-шараларды өткізу, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберінде бірлескен жұмыс мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қ. Тұмыш Қазақстанның Африка одағының саяси орталығы орналасқан Эфиопиямен жан-жақты ынтымақтастығын нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, еліміз Аддис-Абебаны Африка құрлығындағы өзінің негізгі серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын айтты.

Сондай-ақ, эфиопиялық әріптесін ағымдағы жылғы 18-19 ақпанда Аддис-Абеба қаласында Африка одағының 36-шы саммитінің сәтті өтуімен құттықтады. Саммит қорытындылары Африка елдерінің континенттегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріндегі бірлігін, сондай-ақ «Африка мәселелеріне арналған африкалық шешімдер» және «Қаруды үнсіз қалдыру» қағидаттарын жүзеге асырудағы прогресті көрсетті.

Кездесу нәтижесінде тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.

Эфиопия – континенттің 55 мемлекеті мүше Африка одағының штаб-пәтері орналасқан ел. Сонымен қатар, Эфиопия халықаралық ұйымдар үшін Африка хабы, Африканың халық саны бойынша екінші экономикасы, теңізге шығатын жолы жоқ әлемдегі ең ірі ел, сондай-ақ Африка континентінің негізгі транзиттік авиациялық хабы болып табылады. Қазақстан Эфиопиямен 2011 жылғы 5 қыркүйекте дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. 2014 жылғы 23 желтоқсаннан бастап Эфиопиядағы ҚР Елшілігі жұмыс істейді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -