Иордания Парламентінде қазақстандық-иорданиялық дипломатиялық қатынастарының 30 жылдығының қорытындылары талқыланды

10361

Иордания Хашимит Корольдігінің Парламентінде Қазақстан Елшісі Айдарбек Тұматов пен Иордания Мәжілісінің депутаттары – Қазақстан-Иордания Достық комитетінің мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара барысында Елші иорданиялық парламент депутаттарын елдер арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуының қорытындыларымен таныстырып, екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен перспективалары туралы презентация жасады.

Сондай-ақ, А. Тұматов Комитет мүшелерін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Әділетті Қазақстанды» құруға бағытталған ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен таныстырды. Ағымдағы жылдың наурыз айында ҚР Парламенті Мәжілісіне кезектен тыс сайлау өткізуге дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тараптар Қазақстан мен Иорданияның екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жағдайы туралы пікір алмасты.

Өз тарапынан Иордания Мәжілісінің депутаттары Қазақстанда жүргізіліп жатқан және елдің тұрақты дамуына бағытталған қоғамдық-саяси өзгерістерді жоғары бағалады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -