Тиранада Қазақстан мен Албания арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланды

11496

Қазақстанның Түркиядағы және Албаниядағы қоса атқарушы Елшісі Еркебұлан Сәпиев Албанияның Премьер-Министрі Эди Раманың қабылдауында болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Албания үкіметінің басшысы Қазақстанмен өзара мүдделі барлық салаларда ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге дайын екенін білдірді. 

Сонымен қатар қазақстандық дипломат Албанияның Еуропа істері және сыртқы істер министрі Олта Джачка, Албанияның Туризм және қоршаған ортаны қорғау министрі Мирела Кумбаро Фурши, Албанияның Қаржы және экономика министрі Делина Ибрахимай, Албанияның Білім және спорт министрінің орынбасары Нина Гуга, Тиран қаласының мэрі Эрион Велиай мен Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Николин Яакамен кездесті. 

Кездесулер барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. 

Туризм саласындағы ынтымақтастықты арттыру және екі ел арасындағы әуе қатынасын ашу мәселелеріне ерекше назар аударылды. 

Албан тарапы өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытудың жоғары әлеуетін және Қазақстанмен ынтымақтастықты жандандыруға аса қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -