Қазақстан Жапонияның ДСҰ-дағы сауда саясатына шолу іс-шарасына қатысты

11631

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжан Жапонияның ДСҰ-дағы сауда саясатына он бесінші шолу барысында сөз сөйледі, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өз сөзінде Ж. Айтжан Қазақстан мен Жапония арасындағы тығыз экономикалық байланыстарға ерекше назар аударды. Атап айтқанда, ол елдеріміз арасындағы өзара тауар айналымының тұрақты өсімін, 2022 жылдың қорытындысы бойынша 1,9 млрд АҚШ долларын құрағанын және 2021 жылмен салыстырғанда 70%-ға өскенін атап өтті. 

Жапония Қазақстан экономикасындағы ең ірі 10 инвестордың қатарына кіреді, оның үлесіне соңғы отыз жылда шамамен 8 млрд АҚШ доллар тиесілі. Қазақстанда жапон капиталы бар 60-тан астам кәсіпорын, соның ішінде «Inpex», «Sumitomo» және «Marubeni» сияқты жетекші корпорациялар табысты жұмыс істеуде. 

Сонымен қатар, Тұрақты өкіл Жапонияның жаңа цифрлық нарықты, инновациялық экожүйені құруға, қоршаған ортаның жаһандық сын-қатерлеріне жауап ретінде бизнес-ортаның дамуын жеделдетуге бағытталған өршіл және негізгі сауда-экономикалық реформаларын жоғары бағалады. 

Қазақстан өкілі сондай-ақ ДСҰ-ға мүше елдердің назарын ауыл шаруашылығы, электрондық сауда, инвестицияларға жәрдемдесу, қызмет көрсету саласындағы ішкі реттеу, шағын және орта кәсіпорындардың саудаға қатысуы үшін кедергілерді жою және т. б. жөніндегі Ұйымның келіссөздеріне Жапонияның белсенді және сындарлы қатысуына аударды. 

Сонымен қатар, Ж. Айтжан бәсекеге қабілеттілікті арттыру және елдің сауда режимін нығайту мақсатында ауыл шаруашылығын ырықтандыру мәселелерін қоса алғанда, Жапония қолданатын кейбір сауда шараларын жақсарту бойынша нақты ұсынымдар ұсынды. 

Жалпы, іс-шара барысында ДСҰ-ға мүше 40-тан астам елдің делегациялар басшылары сөз сөйледі, бұл Ұйым шеңберіндегі сауда саясатын мониторингтеу мен шолудың маңыздылығын көрсетеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -