Министр Саясат Нұрбек De Montfort University Kazakhstan-ға барды

110011

Жоғары оқу орнына министрдің және Ұлыбритания Премьер-Министрінің Қазақстандағы сауда өкілі баронесса Эмма Николсонның сапары аясында Қазақстандағы халықаралық жоғары білім беруді дамыту және De Montfort University Kazakhstan-да халықаралық сапаны қамтамасыз ету тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Талқылауға De Montfort University Leicester делегациясы, атап айтқанда вице-канцлер Кэти Нормингтон, про-вице-канцлер Саймон Брэдбери және жоғары білім сапасын қамтамасыз ету агенттігінің өкілі Эдуардо Рамос, сондай-ақ Алматының жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты.

Іс-шара барысында британдық тарап университетке 15 млн доллар инвестиция құйғандығы айтылды. Сондай-ақ, De Montfort University Kazakhstan жаңа кампусын салу және оған алдағы екі жылда 25 млн доллар жұмсау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Министр Саясат Нұрбек жоо-ның студенттері мен профессор-оқытушылар құрамының алдында дәріс оқыды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -