Торонтода бірінші Қазақстан-Канада тау-кен форумы өтті

11713

Торонтода Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың қатысуымен «Тау-кен металлургия саласындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері» атты Қазақстан-Канада бизнес-форумы өтті. Форум алаңында тараптар тау-кен саласындағы ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Канададағы Елшілігі мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ канадалық Hatch компаниясының қолдауымен PDAC-2023 кеншілер мен барлаушылардың ірі халықаралық конференциясы аясында ұйымдастырды.

Бизнес-форумға мемлекеттік органдардың, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері, сондай-ақ Hatch, CAMECO Corporation, B2Gold, Arras Minerals, Nutrien, Teck Resources Limited, Ion Energy және т.б. сияқты жетекші канадалық компаниялардың басшылары қатысты. Форумға барлығы 150-ге жуық делегат қатысты.

Қазақстан мен Канада арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 838,6 млн долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 69,2%-ға жоғары. 2011 жылдан бері Канададан Қазақстан экономикасына тікелей инвестиция ағыны шамамен 2,7 млрд долларды құрады.

WhatsApp Image 2023-03-06 at 16.12.45.jpeg

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров өз сөзінде Қазақстан Канадамен берік достық, ортақ құндылықтар мен өзара қолдауға негізделген ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан Канаданың Орталық Азиядағы ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі болып табылады. Бұл шара екі ел үшін де маңызды болып табылатын экономиканың тау-кен секторындағы ынтымақтастықты дамытудың, тәжірибе алмасудың тамаша құралына айналуы керектігін баса айтты.

Канада Парламентінің сенаторы Виктор Оу мен Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Иран Шархан форумға қатысушыларға арналған құттықтау сөз сөйлеп, екі тараптың инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге деген ортақ тілегін білдірді.

Онтарио Сауда палатасының президенті Рокко Росси екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың зор әлеуетін атап өтіп, ірі канадалық компаниялар Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отырғанын баса айтты.

ЖА123.jpeg

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали өз сөзінде Қазақстанның ұсынып отырған инвестициялық мүмкіндіктеріне, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларына тоқталды.

"Қазақстан мен Канаданың климаты, көпмәдениетті қоғамы және экономиканың құрылымын қоса алғанда, ұқсастықтары көп. Соңғы онжылдықта Канададан Қазақстанға тікелей инвестиция ағыны шамамен 2 миллиард долларды құрады. Бүгінде канадалық тараппен бірлескен жобалар пулы тау-кен металлургия кешені, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, машина жасау және т.б. салаларда жалпы сомасы $1,4 млрд болатын 11 жобаны құрайды. жоғары технологиялық өндірістерді құруға қажетті стратегиялық пайдалы қазбалар кен орындарының әлеуеті зор» Жандос Темірғали.

Форум барысында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Акбаров та қазақстандық тараптың атынан сөз сөйлеп, ТМК-дағы перспективалы инвестициялық бағыттар туралы айтты.

"Қазақстанда заманауи технологияларға ие және тау-кен және өңдеу өнеркәсібін құруға дайын компанияларға қызметтің кең өрісі қарастырылған. Үкімет заңнаманы жетілдіруде, сондай-ақ республика аумағында перспективалық кен орындарын іздеуде үлкен жұмыс атқарды" Ерлан Акбаров.

тау кен.jpeg

Форумның панельдік сессияларына «Тау-Кен Самұрық» ҰМК» АҚ басқарма төрағасы Бақыт Шіршікбаев, Qazaq Geophysics басқарма төрағасы Бекасыл Әукешев және Grey Wolf Management басқарма төрағасы Қанат Құдайберген қатысты.

WhatsApp Image 2023-03-06 at 12.10.06.jpeg

Канадалық спикерлер арасында Hatch Advisory басқарушы директоры Маркус Ребман, Cameco вице-президенті Каролина Горсалиц, Arras Minerals президенті Даррен Клинк, Онтарио Сауда палатасының президенті Рокко Росси, Hatch Африка, Еуропа және Таяу Шығыс бойынша басқарушы директоры Нико Смит және ЕҚДБ табиғи ресурстар бөлімінің басшысы Наталья Лакорзана болды. 

WhatsApp Image 2023-03-06 at 16.12.44.jpeg

Шарада сөз сөйлеген канадалық спикерлер Қазақстанның тау-кен өнеркәсібінің әлеуетін жоғары бағалап, еліміздің өңірдегі инвестициялық серіктес ретіндегі басты маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ, форум аясында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды, оның ішінде «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-мен First Quantum компанясымен Қазақстанда геологиялық барлау жобаларын бірлесіп жүзеге асыру туралы және Bureau Veritas компаниясымен Қазақстанда халықаралық геохимиялық зертхана құру туралы Меморандумдарға қол қойылды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -