Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың басшылығымен қазақстандық делегацияның Брюссельге

9366

2023 жылғы 6-7 наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың басшылығымен қазақстандық делегацияның Брюссельге (Бельгия Корольдігі) сапары өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сапар аясында Бельгия Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі В.Ван Петегеммен, Қаржылық тұрақтылық, қаржылық қызметтер және капитал нарықтары жөніндегі Еуропалық комиссар М. МакГиннесспен екіжақты келіссөздер жүргізілді.

Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақтың қаржылық және инвестициялық ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады.

Ерұлан Жамаубаев Қазақстан ЕО-мен өзара іс-қимылдың стратегиялық сипатын жоғары бағалайтынын және одан әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа сенімді екенін атап өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -