Қазақстанның Қытайдағы Елшісі қытайлық БАҚ-ты алдағы ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауының ерекшеліктері туралы ақпараттандырды

11090

ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы қарсаңында Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі ҚХР БАҚ үшін үлкен баспасөз-брифингін ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара барысында Қазақстанның Елшісі Шахрат Нұрышев қытайлық тілшілерді ағымдағы сайлау науқанының барысымен, ҚР сайлау жүйесінің ерекшеліктерімен, сондай-ақ жалпы елімізде жүзеге асырылып жатқан жан-жақты реформалармен таныстырды.

Өз сөзінде Ш.Нұрышев екіжақты ынтымақтастықтың саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ағымдағы жағдайы мен одан әрі дамыту жөніндегі жоспарлары туралы да айтты.

Баспасөз-брифингіне «Жэньминь Жибао», «Сhina Daily», «Global Times», «South China Morning Post», «Beijing Daily», «Beijing News», «China Youth Daily» газеттері, «Қытай», «Foreign Economic Relations & Trade» журналдары, «CGTN» халықаралық телеарнасы, сондай-ақ «The Paper», «China Online» және «Sina Online» жаңалықтар интернет-порталдары сияқты БАҚ өкілдері қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, ҚХР аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын және 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары 2023 ж. 19 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында Бейжің уақыты бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін Қазақстанның Қытай аумағындағы дипломатиялық және консулдық мекемелерінің жанында орналасқан 3 сайлау учаскелерінде (Бейжің, Шанхай ққ., Гонконг АӘА) дауыс бере алады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -