Женевада климаттың өзгеруі жағдайында адам құқықтарын қорғау талқыланды

12017

Қазақстанның Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігі Орталық Азия, Еуропалық одақ елдері және Түркия делегацияларымен бірлесіп, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 52-ші сессиясы аясында «Климат өзгеруінің осал жағдайдағы адамдардың құқықтарына әсері» атты панельдік пікірталас ұйымдастырды. Спикерлер ретінде БҰҰ Адам құқықтары және қоршаған орта мәселесі жөніндегі арнайы баяндамашысы Дэвид Бойд, Даму құқығы жөніндегі халықаралық ұйымның гендерлік мәселелер және құқық жөніндегі сарапшысы Ралука Мария Попа, сондай-ақ Байырғы халықтар қорының төрағасы және байырғы Сами халқын қорғау қорының тең құрылтайшысы Андерс Блом сөз сөйледі, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің, халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен 70-тен астам қатысушыны жинады және осы күрделі мәселеге тап болған әйелдер, балалар, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, байырғы халықтар және этникалық азшылықтар секілді ең осал топтардың құқықтарын қорғау үшін мемлекеттер қабылдауы қажет шараларды талқылау алаңына айналды.

ҚР Тұрақты өкілі Ерлан Әлімбаев өз сөзінде климаттың жаһандық өзгеруіне байланысты Орталық Азия өңірі үшін негізгі тәуекелдерді атап өтті. Сондай-ақ, талқылауға қатысушыларды су ресурстарын ұқыпты пайдалануға, орнықты дамуға және жаңартылған технологияларды енгізуге бағытталған жоспарлармен «жасыл экономикаға» біртіндеп көшу бойынша ҚР Үкіметінің жұмысы туралы хабардар етті. Ол «жасыл» экономикалық өсуге жәрдемдесу жөніндегі мемлекеттік жоспарларға орнықты даму мақсаттарын одан әрі енгізуге ықпал ететін еліміздің қазіргі «Жасыл Қазақстан» жобасын айтып өтті.

БҰҰ, үкіметтік емес ұйымдардың сарапшылары халықаралық қауымдастықты климаттың өзгеруінің теріс әсерін шешу кезінде ең алдымен осал адамдардың жағдайына назар аудара отырып, адам құқықтары саласындағы өз міндеттемелерін басшылыққа алуға шақырды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -