Министр Дархан Қыдырәлі Әзербайжан Республикасы Президентінің көмекшісі

10580

Дархан Қыдырәлі кездесуде Х Баку жаһандық форумының жоғары деңгейде өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды DKNews.kz.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанмен қарым-қатынастарды ілгерілетуге айрықша көңіл бөледі. Оған өткен жылы тамызда Мемлекет басшысының Әзербайжанға жасаған ресми сапары дәлел. Бүгінгі таңда сол сапар аясында екі ел қол қойған ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде өзара іс-қимыл жүргізілуде" Дархан Қыдырәлі

Д.Қыдырәлі медиа саласында өзара ынтымақтастықтың бар екенін айтып, БАҚ саласында  тәжірибе және контент алмасуды ұсынды.

Биыл Әзербайжан халқының ұлттық көшбасшысы, көрнекті мемлекет қайраткері Гейдар Әлиевтің 100 жылдығын тойлап жатыр. Осыған орай Қазақстанның медиа ұйымдарында деректі фильмдер мен мақалалар жарияланады.

Министр, сонымен бірге, жастар саясаты бағытында да бірлесе жұмыс атқаруды ұсынды.

Сөз қорытындысында министр Әзербайжан тарапына өткен жылдың соңында Астанада өткен І Орталық Азия медиафорумына қатысқандары үшін алғыс айтып, биыл 31 наурызда өтетін «Nauryz» телесериалдарының Бірінші Ұлттық сыйлығының құрметті қонағы болуға, сондай-ақ, Халықаралық волонтерлер форумы мен Түркі мемлекеттері ұйымының Жастар платформасына қатысуға шақырды.

Өз кезегінде Хикмет Гаджиев екі ел арасындағы ынтымақтастыққа жоғары баға беріп, бірлескен жобаларды атқаруға дайын екендіктерін білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -