Қазақстанның елшісі Болгария Республикасының жоғарғы наградасымен марапатталды

116732

Болгария Республикасының Президенті Румен Радевтің 2023 жылғы 8 ақпандағы жарлығымен өз дипломатиялық миссиясын 2022 жылғы желтоқсанда аяқтаған Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Теміртай Рымтайұлы Ізбастин Болгария Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы екіжақты достық қатынастарды нығайту мен дамытудағы аса зор еңбегі үшін бірінші дәрежелі «Мадар салт атты» орденімен марапатталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Мадар салт атты» орденімен Болгария және шетел азаматтары Болгария Республикасымен екіжақты қатынастарды орнатуда, нығайтуда және дамытуда ерекше сіңірген еңбегі үшін марапатталады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -