Қазгидромет Азия және Тынық мұхиты елдері үшін өңірлік конференцияға қатысты

9226
Фотосурет: Пщм

2023 жылдың 13-16 наурызы аралығында Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) Біріккен Араб Әмірліктерінің Ұлттық метеорология орталығымен (NCM) бірлесіп Біріккен Араб Әмірліктері Абу-Даби қаласында II Аймақтық қауымдастықта (РАІІ) (Азия) Өңірлік конференция (RECO) ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Конференцияға Қазақстаннан «Қазгидромет» РМК Бас директоры Данара Алимбаева, Гидрометорталық директоры Марина Шмидт және Гидрология департаментінің директоры Әділ Ахметов қатысты.

Өңірлік конференцияның мақсаты - өңірлік ынтымақтастықты нығайту және әріптестік байланыстарды кеңейту, сондай-ақ ДМҰ қарарлары мен шешімдерін іске асыру үшін Ұлттық метеорологиялық және гидрологиялық қызметтер (ҰМГҚ) арасында форум өткізу.

Отырыста Қазгидромет Орталық Азия елдерінің барлық метеорологиялық радиолокаторлары интеграцияланатын радиолокациялық деректерді жинаудың бірыңғай жүйесін (OPERA, METEORAD мысалында) әзірлеу туралы ұсыныс жасады. Аталған бірыңғай жинақтау жүйесі деректерді онлайн режимде жинауға мүмкіндік береді, бұл ерте ескерту және алдын алу шараларын қабылдау үшін үлкен маңызға ие.

Қазақстан 2012 жылдан бастап Орталық Азия елдеріндегі CARFFGS қарқынды дамып келе жатқан су тасқыны жөніндегі өңірлік орталық болып табылады. Бүгінде Орталық ДМҰ қолдауымен табысты жұмыс істеуде. Жобаның келесі кезеңі-болжаудың неғұрлым нақты болуы үшін алмастырылатын деректер желісін ұлғайту.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -