Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен Әзербайжан Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов төрағалық еткен Қазақстан-Әзербайжан саяси консультацияларының кезекті раунды өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Іс-шара барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен одан арғы даму перспективаларын егжей-тегжейлі талқылап, алдағы жоғары және аса жоғары деңгейдегі іс-шараларға дайындық барысын пысықтады, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы тамызда Әзербайжан Республикасына жасаған ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылуына ерекше назар аударылды.
Қортындылай келе, тараптар қазақ-әзербайжан ынтымақтастығы оң серпінде әрі табысты дамып жатқанын атап өтті, сондай-ақ екі елдің сыртқы істер министрліктері деңгейіндегі тығыз ынтымақтастықты барлық салалардағы стратегиялық қарым-қатынастарды нығайту мен одақтастық ынтымақтастықты тереңдету мақсатында одан әрі жалғастыруға ниетті екенін растады.