Қазақстандық оқушы белгілі американдық жоо грантының иегері атанды

8811

12 сынып оқушысы Ерсұлтан Питебай Массачусетс технологиялық институтынан шақыру алды. Қазақстандық оқушы өз арманын қалай жүзеге асырғанын айтып берді, деп хабарлайды DKNews.kz.

18 жастағы Ерсұлтанның айтуынша, оның шетелде білім аламын деген арманы сегізінші сыныптан басталған. Физиканы пәніне де қызығушылығы осы кезде арта бастаған.

«Бес жылдан бері түрлі олимпиадаларға қатысып келемін. Сегізінші сыныпта алғаш рет республикалық, одан әрі физика пәнінен Халықаралық олимпиадаға қатысып, екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алдым»  Ерсұлтан Питебай

Американың беделді университетіне түсу үшін оқушы бір жылға жуық дайындалған. Емтихан тапсырып, эссе жазған.

«Оқуға түсу жетістіктермен және емтихан нәтижесімен шектелмейді. Құрдастарыма айтатын кеңесім – сүйікті іспен айналысып, көп еңбектену қажет. Осы жолда маған қолдау көрсеткен ата -анама және мұғалімдеріме рахмет айтамын»  Ерсұлтан Питебай

Американың ЖОО-ны бітіріп, елге келген соң Ерсұлтан Питебай физика саласын зерттеуді жалғастырып, отандық ғылымның дамуына өз үлесін қосуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Массачусетс технологиялық институты әлемдегі рейтингі жоғары оқу орындарының бірі. Робототехника және жасанды интеллект саласында жетекші білім ордасы.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -