ҚТЖ басшылығы ШҰАА (ҚХР) Коммунистік партиясының хатшысымен кездесу өткізді

92774

2023 жылғы 17 наурызда Үрімшіде "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басшылығының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы (ШҰАА) Коммунистік партиясының хатшысы Ма Синжуй мырзамен кездесуі болып өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар теміржол тасымалының тұрақты өсу қарқынын атап кетті. Өткен жылы өсім 14,5 %, ал ағымдағы жылдың алғашқы екі айында өсім 30% құрады, оның ішінде Қазақстаннан ҚХР-ға экспорт 1,6 есеге өсті.

Кездесуде көлік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері: Бақты-Тачэн үшінші теміржол шекара өткелінің құрылысы, Достық-Мойынты учаскесін жаңғырту, халықаралық көлік дәліздерін дамыту перспективаларыі талқыланды.

ШҰАА басшылығы Үрімші қаласында ҚТЖ терминалын құруды қолдайды және Алматы агломерациясында барлық қажетті көліктік-логистикалық инфрақұрылымы бар сауда хабын құру жобасына қолдау білдірді. Ынтымақтастықты күшейту үшін Тараптар кездесулерді тұрақты негізде өткізуге келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -