Мажарстан Мемлекеттік жиналысының депутаты: соңғы 30 жылда Қазақстан экономикасы өзгерді

8409

Бүгін елімізде Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын бақылап жатқан халықаралық байқаушылар сайлау науқанының Қазақстан үшін маңыздылығын атап өтті. Шетелдік қонақтар Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығындағы брифингте сайлау процесіне қатысты пікірлерін айтты, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Мен Қазақстанға алғаш рет 25 жыл бұрын келдім, осы уақыт ішінде елдің қаншалықты дамығанын көріп отырмын. Қалалар ғана емес, демократия да дамыған. Соңғы 30 жылда экономика тұрғысынан да, өз мәдениеті мен дәстүрін сақтау тұрғысынан да осындай даму жолынан өте алған елдер өте аз.  Мен мұнда Президент сайлауында және парламенттік сайлауда болдым. Дайындық жақсы жүргізілген», - деді Мажарстан Мемлекеттік жиналысының депутаты Шандор Ковач.  

Румыния Парламентінің депутаты Борис Волосатый сайлау учаскелерінде мәселелердің тез  шешілетініне тоқталды.

«Учаске төрағалары менің барлық сұрақтарыма жауап бере алды. Румыния үшін Қазақстан маңызды серіктес болып табылады, біздің Қара теңіз порттары Қазақстан үшін еуропалық нарыққа шығу қақпасы бола алады. Ал қазақстандық нарық Румыния мен Еуропа экономикасын дамыту үшін қажет нарық болып табылады», - деді спикер.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -