«Шымбұлақ» Гиннестің рекордтар кітабына енді

5987

«Шымбұлақ» ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы бар курорт ретінде енді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сертификат тапсыру және рекорд нәтижесін ресми тіркеу рәсімі теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте «Талғар асуы» станциясында өтті. 

Guinness World Records офисінің судьясы Шейд Субаши-Гемиджи тау шаңғысы курортының басшылығына әлемдік рекордты растайтын сертификат табыс етті.

«Шымбұлақ» тау курорты әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы ретінде ресми түрде Гиннес рекордын алғанын қуана хабарлаймын. Бұл – әлемдегі жаңа рекорд» Шейда Субаши-Гемиджи

Судья ең ұзын түнгі жолдың ең төменгі рекорды теңіз деңгейінен 3100 метр биіктікте екенін айтты. Іс-шара соңында лента салтанатты түрде қиылып, түнгі ең биік шаңғы трассасынан жаппай сырғанап түсу рәсімі өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -