Қазақстан Елшілігінің қолдауымен Оманда тұратын отандастарымыз әз Наурыз мейрамын тойлады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Мерекелік концерт аясында ұлттық дастархан жайылып, қазақ халық әндері мен күйлері, сондай-ақ танымал классикалық композициялар шырқалды.
Сонымен қатар, отандастардың арасында тоғыз құмалақ, арқан тарту сынды ұлттық ойындары ұйымдастырылды.
Арнайы стендте қазақтың ұлттық киімдері, тұрмыс заттары мен тағамдары, сондай-ақ зергерлік бұйымдары ұсынылды.