Ғизат Нұрдәулетов ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының кездесуіне қатысты

3560

Нью-Делиде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының он сегізінші кездесуі өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара барысында ШЫҰ кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласындағы ахуалға қатысты бірқатар мәселе талқыланды.

Тараптар халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, атап айтқанда, киберқылмыспен күрес, терроризм мен экстремизмге, заңсыз қару мен ескірткі айналымына, ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа қарсы іс-әрекет, Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру, халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы өзара ынтымақтастықты дамыту жөнінде пікір алмасты.

Ғизат Нұрдәулетов әріптестеріне ШЫҰ қызметінің маңызды бағыттары бойынша Қазақстанның ұстанымы туралы мәлімет берді. Сондай-ақ еліміздің мүддесін ескере отырып, қауіпсіздіктің негізгі аспектілері бойынша өзара іс-әрекеттерді одан әрі дамыту жөнінде бірқатар ұсыныс айтты.

Жиын қорытындысы бойынша ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңесі хатшыларының келесі кездесуін Қазақстанда өткізу жөнінде шешім қабылданды.

Кездесу аясында Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Үндістан Премьер-министрінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Аджит Довалмен екіжақты келіссөз жүргізіп, өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Олар екі елдің қауіпсіздік кеңесі аппараттары арасындағы кеңестің төртінші кезеңін Астанада өткізу жөнінде уағдаласты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -