Наурыз мейрамы БҰҰ штаб-пәтерінде тойланды

3718

Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі Ауғанстан, Әзербайжан, Үндістан, Ирак, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия мен Түрікменстанның дипломатиялық миссияларымен бірлесіп, Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде ұйымдастырылған Наурыз мерекесіне орай салтанатты мерекелеуге қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараның ашылуында құттықтау сөз сөйлеген БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Наурыз мейрамы ұрпақтарды біріктіретін бай мәдени мұраның мерекесі екенін және БҰҰ-ның бейбітшілік, адам құқығы және ынтымақ сияқты негізгі құндылықтарын толық білдіретінін атап өтті.

Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Ақан Рахметуллин қонақтар алдында сөз сөйлеп, Наурыз мейрамының қазақстандықтар үшін маңызына тоқталып, оның елімізде атап өтілу ерекшеліктері мен тарихы туралы баяндады.

Іс-шара қонақтарына әртүрлі елдердегі Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлер мен ерекшеліктері туралы бейнероликтер көрсетіліп, мерекелік дастарханды безендіретін ұлттық тағамдар мен тәттілерден дәм тату ұсынылды.

2010 жылы 23 ақпанда БҰҰ Бас Ассамблеясы 21 наурызды Халықаралық Наурыз күні деп таныды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -