Норвегияның Ставангер қаласында Наурыз мейрамы тойланды

3649

«NorKaz» ұйымы мен Қазақстан Республикасының Норвегиядағы Елшілігі өткен сенбіде Ставангер қаласында Наурыз мейрамын атап өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шара барысында өткен мәдени бағдарлама қазақстандық музыкалық шығармалар мен билерді, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ырымдары туралы викториналарды, сондай-ақ спорт ойындары және т.б. қамтыды. Қатысушыларға қазақ ұлттық тағамдары, оның ішінде Наурыз көже ұсынылды.

Іс-шара барысында Елші Әділ Тұрсынов және «NorKaz» ұйымының жетекшілері Бағытжан Калиев пен Лайла Мукушева сөз сөйледі.

Норвегияның «мұнай астанасы» атанған Ставангер қаласында шамамен 100-ге жуық отандастар тұрады. Олардың басым бөлігі мұнай-газ саласындағы компанияларда жұмыс істейді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -