Мәдениет және спорт министрлігі кітапхана қызметкерлерін Түкияда оқытуды жоспарлап отыр

3898
Фотосурет: Depositphotos

Мәдениет және спорт министрлігі көпшілікке арналған кітапхана қызметкерлерін Анкара қаласындағы Президент Әкімшілігіне қарасты Ұлттық кітапханада біліктілік арттыруға жіберуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оқыту шаралары аясында отандық кітапхана мамандары түрік кітапханаларының жұмысымен танысып, тәжірибе алмасады. Атап айтқанда, сирек басылымдар қорымен жұмыс істеу, реставрация тәжірибесі, кітапханадағы ақпараттандыру үрдісі, заманауи библиографиялық шаралар және т.б. бағыттар бойынша біліктілік арттырады.

Бүгінде қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіп бойынша тиісті ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

«Мәдениет және спорт министрлігі жыл сайын еліміздің мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің алыс және жақын шетелдерде біліктілік арттыру шараларын ұйымдастырады. Осыған дейін мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың, музыкалық және драмалық театрлардың, костюм бутофориясы мен костюм аксессуарлары қызметкерлерін оқыттық. Бүгінгі күні қазақстандық кітапханалардағы сирек басылымдармен жұмыс істейтін және реставрация мамандарының біліктілігін арттыру аса маңызды болып отыр» Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -