Канаданың СІМ Парламенттік хатшысы Қазақстандағы ауқымды реформалардың іске асырылу барысын жоғары бағалады

4082

Канадалық тараптың бастамасымен Қазақстан Елшісі Ақылбек Камалдиновтың Канада Сыртқы істер министрлігінің Парламенттік хатшысы – Қауымдар палатасының мүшесі Роберт Олифантпен кездесуі өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, саяси диалогты одан әрі дамыту қажеттігіне назар аударды, сондай-ақ екі ел арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық қатынастарды дамытудағы оң динамиканы атап өтті.

А. Камалдинов канадалық тарапты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған ауқымды саяси реформалар туралы, атап айтқанда, ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауының қорытындыларымен хабардар етті. Елші осы сайлау саяси партиялар үшін бәсекелестік ортада жаңа ережелер бойынша өткенін және Әділетті Қазақстанды құру аясында «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласына сәйкес ҚР мемлекеттік институттарын қайта құрудың соңғы кезеңі болғанын атап өтті.

Өз кезегінде Р. Олифант өзара қарым-қатынастардың белсенді және қарқынды дамып келе жатқан хабарлады. Сонымен қатар Парламенттік хатшы канадалық тарап Қазақстандағы саяси және экономикалық қайта құруларды жіті қадағалап отырғанын және Қазақстан Президенті жүргізіп жатқан демократиялық реформаларды жоғары бағалайтынын атап өтті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың барлық сұрақтары бойынша диалогты жалғастыру туралы келісімге келді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -