Қазақстан мен Сингапур арасындағы 30 жылдық табысты ынтымақтастығы

5705

Осы сәтке орай екі елдің президенттері, парламент спикерлері, сондай-ақ сыртқы саяси ведомстволар басшылары деңгейінде құттықтау хаттармен алмасты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар соңғы үш онжылдықта елдер тығыз саяси байланыстар, өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық және Қазақстан мен Сингапур халықтары арасындағы достық байланыстар негізінде қалыптасқан өзара қарым-қатынастарды нығайтқанын атап өтті.

Негізгі жаһандық және өңірлік проблемалар бойынша өзара қолдау мен ұстанымдардың ұқсастығының маңыздылығы атап өтілді. БҰҰ, «Азия-Еуропа» форумы (АСЕМ) және басқа да халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық белсенді түрде ілгерілеуде.

Мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастық жемісті дамып келеді.

Қазақстан мен Сингапур мемлекеттік органдары өкілдерінің тәжірибе алмасу, біліктілігін арттыру және тағылымдамадан өту мақсатында өзара сапарлар дәстүрге айналды.

Сингапур – АСЕАН елдері арасындағы Қазақстанның маңызды сауда серіктестерінің бірі. 2022 жылы өзара сауда көлемі 1,9 млрд АҚШ доллар құрады. Өткен жылы Сингапурдан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 310 млн АҚШ доллар құрады, ал 2005 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде 1,4 млрд АҚШ долларға жетті. Қазақстанда сингапурлық компаниялардың қатысуымен шамамен 144 кәсіпорын жұмыс істейді.

Екі елдің шарттық-құқықтық базасына Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім (2003 ж.), Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс салығынан жалтарудың алдын алу туралы келісім (2006 ж.), Дипломатиялық, қызметтік және ресми төлқұжат иелерінің визалық талаптарынан өзара босату туралы келісім (2018 ж.) және басқа да құжаттар кіреді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -