Алматыда Қазақстан мен Қырғызстан сімаралық консультациялары өтті

6225

Қазақстан мен Қырғызстан сімаралық консультациялары өтті. Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш, ал қырғыз делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмаз Иманғазиев бастады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Келіссөздер барысында тараптар күн тәртібіндегі бірқатар маңызды мәселелерді және Қазақстан мен Қырғызстан ынтымақтастығының өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.

Атап айтқанда, консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастық, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы нормативтік-құқықтық базаны кеңейту, сондай-ақ көші-қон мәселелері көтерілді.

Консультация қорытындысы бойынша ынтымақтастықты екіжақты форматта жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -