ҚР ҰЭМ және ЭЫДҰ ШОБ жөніндегі комитеті кәсіпкерлікті дамыту саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

2810

29-30 наурызда Францияда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Шағын және орта бизнес және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің IV сессиясы өтті. Іс-шараға ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаментінің директоры Эрик Жамбылов және ҚР ҰЭМ Экономикалық зерттеулер институтының Әлемдік экономиканы зерттеу орталығы директорының орынбасары Әлібек Раипов қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сессияға қатысушылар ШОБ саясатын жетілдіру, біліктілікті арттыру, Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікті цифрландыру мәселелерін талқылады.

Шара барысында ШОБ-ты дамыту және кәсіпкерлік саясаты туралы жаңартылған министрлер декларациясы, сондай-ақ ЭЫДҰ Кеңесінің кәсіпкерлікті Қаржыландыру мәселелері жөніндегі ұсыным комитетінің жаңа құқықтық құралының редакциясы қаралды.

Сонымен қатар, сессия барысында 2023 жылғы 27-28 маусымға жоспарланған Министрлік кездесудің күн тәртібі қаралды.

Нәтижесінде, ҚР ҰЭМ және ЭЫДҰ Хатшылығы ШОБ-ты дамытудың озық тәжірибелеріне қол жеткізу мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -