Қазақстан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында екінші медаль жеңіп алды

2824
Фотосурет: Olympic.kz

Қазақстандық Нұрдос Сабыр Дурресте (Албания) ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ауыр атлет 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде екінші нәтиже көрсетті. Қоссайыс сомасында Нұрдос 321 (145+176) келі көтерді.

Керем Курназдың (Түркия) активінде "алтын" - 327 (144+183 ) келі. Үшінші - Армениядан келген Валерик Мовсисян - 306 (140-166) келі.

Осылайша, қазақстандық команданың активінде екі медаль бар. Бұған дейін Ерасыл Сәулебеков (73 келіге дейін) әлем чемпионы атанған болатын.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -